
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Мемлекеттік рәміздер күнін Мемлекеттік әнұранның орындалуымен атап өтті
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы күні ШҚО Полиция департаментінің плацында сағат 10:00-де Департамент бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбековтің бастауымен жеке құрам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын бір мезгілде көтере отырып, Мемлекеттік әнұранды орындады.
Осылайша, полицейлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетті, олардың бекітілгеніне 4 Маусымда 30 жыл толды.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда бекітілген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі