
ШҚО Полиция департаментінің полицейлері мен әкімшілік-мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ант қабылдады
ШҚО Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы күні жас ішкі істер органдарына қызметкер кірген жас полиция қызметкерлері мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде Отанға адал қызмет етуге ант қабылдады.
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Ренат Ұнарбеков салтанатты түрде ант қабылдағандарға мемлекеттік қызметші куәлігін мен бірінші погондарын табыстап, Отанымыздың игілігі үшін қызмет етуге ант бергендердің барлығын құттықтап, ҚР Мемлекеттік рәміздерін мерекелеу күні ант қабылдау рәсімімен тұспа-тұс келуі мемлекет мен халық тарапынан жүктелген сенімді мемлекеттік қызметші адал атқаруға деген міндетті арқалайтындарын атап өтті.
«Сіздер халық алдындағы жауапкершіліктің жоғары деңгейін түсініп, ұлттық мүддеге қызмет етулеріңіз керек, өйткені әрқайсыларыңыз мемлекеттің дамуына өз үлестеріңізді қосударсыздар», - деп толықтырды Ренат Қанатұлы.
- Дәл осы мереке күні- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ант қабылдау мен үшін үлкен құрмет. Біз, бүгін ант қабылдаған ішкі істер органдарының қызметкерлері, аға буынға қарап, тұрақтылық пен отандастарымыздың тыныштығын қорғап, қоғамдық тәртіпті сақтаймыз, Ұлы Отанымыз - Қазақстан Республикасының мүдделеріне адал қызмет етеміз», - деді ант қабылдаған департаментке қызметке кірген жас қызметкер, қызмет инспекторы Еркебұлан Сейітбеков.
ШҚО ПД баспасөз қызметі