«Нерест-2022» ЖАІШ қорытындысы: ШҚО-ның полицейлері браконьерлерден екі тоннадан артық балық тәркіледі

«Нерест-2022» ЖАІШ қорытындысы: ШҚО-ның полицейлері браконьерлерден екі тоннадан артық балық тәркіледі

                                                 «Нерест-2022» ЖАІШ қорытындысы: ШҚО-ның полицейлері браконьерлерден екі тоннадан артық балық тәркіледі

 

Ағымдағы жылдың 16 сәуірі мен 30 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында су биологиялық ресурстарының  заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған «Нерест-2022» жедел алдын алу іс-шарасы  өткізілді.

Шара барысында тәртіп сақшылары 340 табиғатты қорғауға арналған рейдтік шаралар жүргізді. 9 қылмыстық іс, оның ішінде 8-і заңсыз балық аулау және 1 факті сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктермен заңсыз айналысу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Балық ресурстарын қорғау саласындағы табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 287 адам жалпы сомасы 4 500 000 теңгеден астам айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы «Нерест-2022» іс-шарасының барысында полицейлер құқық бұзушылардан 2000 келіден астам заңсыз ауланған балық, 32 қылмыс құралы, оның ішінде 3300 мерт тор және 3 жүзу құрылғысы тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асады.

Мәселен, 19 мамырда «Нерест-2022» жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткен рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полиция бөлімі мен  ШҚО ПД ЖПҚБ іздеу тобының қызметкерлері жыл бойына тыйым салынған аумақтардың бірінің жағалауында Бұқтырма су қоймасының учаскесінде «Қырым» маркілі қайықпен браконьерлікпен айналысып жүрген Күршім ауданының 52 жастағы тұрғынын ұстады.

Браконьерден түрлі тұқымды балық салынған бес қап тәркіленді. Тәркіленгенбалықтыңжалпысалмағы 154 келі, келтірілген шығын 9 миллион теңгеден астам. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 335 бабы 3 бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оған келуге міндеттеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі