
10 миллион теңгеге бір реттік темекі сатып алмақ болып, алаяққа ұрынды
Мамыр айының басында Семей қ. Полиция басқармасының «102» жедел арнасына колледждің 19 жастағы студенті хабарласып, 26 жастағы танысы бір реттік электрондық темекі сатып алуға көмектесемін деп оның 10 млн. теңгеден астам қаражатын иемденіп алғанын айтқан.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Тергеу амалдары барысында күдікті өз кінәсін ішінара мойындады.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабының 3-бөлігі- «Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі