Көлік жүргізу құқығынан айырылған шығысқазақстандық көлікті есірткіге масаң күйде көлік басқарған

Көлік жүргізу құқығынан айырылған шығысқазақстандық көлікті есірткіге масаң күйде көлік басқарған

                                                 Көлік жүргізу құқығынан айырылған шығысқазақстандық көлікті есірткіге масаң күйде көлік басқарған

 

Ағымдағы жылдың мамыр айының басында Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бажов көшесін патрульдеу кезінде облыс орталығының 37 жастағы тұрғынының басқаруымен «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамның өзін ұстауы полицейлерге күдік ұялатты.

Сараптамадан өту үшін жеткізілген жүргізуші, каннабиоидтарды қолданудан туындаған масс күйінде екенін көрсетті. Сондай-ақ, ер адам 2020 жылы 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылса да, қайта көлік құралын басқарғаны белгілі болды.

Ұсталғаннан кейін қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 346-бабының 1-бөлігі – «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уыт құмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі