
Шығыс Қазақстан облысында 39 жүргізуші қарсы жолаққа шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды
2022 жылдың 26-30 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың және жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Өткізілген ЖАІШ нәтижесінде тәртіп сақшылары 6300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады, оның ішінде:
- 54 – көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін,
- 770 – жылдамдық шегін бұзғаны үшін,
- 590 – көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды пайдаланғаны үшін,
- 39 жүргізуші қарсы жолаққа шыққаны үшін жүргізу құқығынан айырылды.
Сонымен қатар, шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған 1200-ден астам жаяу жүргіншіні жауапкершілікке тартты.
Осы кезеңде 74 көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылып, 65 мемлекеттік нөмір тәркіленді.
Құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесумен қатар, полицейлер жол қозғалысына қатысушылармен профилактикалық жұмыстар да жүргізді, оның барысында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін елеусіз қалдыру және жол қауіпсіздігі шараларын сақтамау қандай зардаптарға әкелетіні түсіндірілді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі