
ШҚО трассаларында ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылды!
Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысына қатысушыларды ағымдағы жылғы 1 маусым мен 15 тамыз аралығында сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін қоршаған ауаның температурасы +25°С жоғары болған кезде бір білікке жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк автокөлігінің қозғалысы үшін уақытша шектеу енгізілетіні туралы хабардар етеді.
Айта кету керек, бұл шектеу жүктер мен жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлік құралдарына, сондай-ақ тез бұзылатын тауарларды, қауіпті жүктерді, жолаушылар мен багажды тасымалдауға қолданылмайды.
Ауыр жүк таситын жүргізушілерге енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарды жасауға мұқият қарау керек.
ШҚО ПД баспасөз қызметі