
Жарнама жасап беремін
Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері екі алаяқтық фактісіне қатысы бар деген күдікпеноблыс орталығының 29 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам әлеуметтік желіде жарнама орналастыру бойынша қызмет көрсету сылтауымен Алматы қаласының 33 жастағы тұрғынына тиесілі 10 000 теңгесін алдап алған. Жәбінуші қаражаттыбанктіңмобильді қосымшасы арқылы аударған.
Қаскөй әлеуметтік желілердегі парақшаларына жарнама жасағысы келген тағы да еліміздің әр өңірінен үш клиент атпқан екен. Күдіктінің әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын шамамен 50 000 теңгені құрады.
Полицейлердің жүргізген жедел- іздестіру шаралары нәтижесінде«пиар жасаушы» ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, одан жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 2-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі