ШҚО-да гараж кооперативінде есірткі саудасы тоқтатылды

ШҚО-да гараж кооперативінде есірткі саудасы тоқтатылды

                                                   ШҚО-да гараж кооперативінде есірткі саудасы тоқтатылды

 

Ағымдағы жылдың сәуір айының басындаЕсірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинологиялық қызмет орталығы, ШҚО ПД жедел-криминалистикалық орталық қызметкерлерімен және ҚР ІІМ арнайы бөлімшесімен бірлесіп, қаланың гараж кооперативтерінің бірінде облыс орталығының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Оның гаражын тінту барысында өсімдік тектес заты бар 3 қағаз және 25 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған заттар жалпы салмағы 1 200 грамнан асатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады. Сондай-ақ, ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда өсімдік тектес заты бар бір қағаз пакет табылды, ол сараптама көрсеткендей, салмағы шамамен 1 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады.

27 сәуірде дәл сол гараж кооперативінің жанында есірткіні таратқаны және өсіргені үшін бұрын сотталған 57 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ұсталғанның белдігінің астынан 3 полимер түйіншек табылған.

Ер адамның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде: қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар бір пластикалық ыдыс және құрамы ұқсас 2 папирос табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктіден алынған заттар салмағы 135 грамнан асатын кептірілген марихуана болып табылады.

Қаскөйлерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тандалды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу). Бұл баптардың санкциясы мүлкін тәркілеумен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі