ШҚО-да 1 тоннадан астам балық тәркіленді

ШҚО-да 1 тоннадан астам балық тәркіленді

                                                 ШҚО-да 1 тоннадан астам балық тәркіленді

 

Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында «Нерест»ЖПІШ барысында ШҚО ПД ППБ инспекторы ШҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығымен бірлесіп «Васильев өткелі» тас жолында рейдтік шаралар жүргізу кезінде Тарбағатай ауданының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Ларгус» маркалы автокөлігін тоқтатып, оны тексеру кезінде көлік құралының салонында балық анықталды. Дәл сол күні балық өнімдерін заңсыз тасымалдаған Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota» автокөлігі тоқтатылды. Алайдаекі жүргізушінің де тасымалданған балыққа тиісті рұқсат құжаттары болмай шықты.

Жалпы алғанда, ұсталғандардан 650 кг-нан астам табан және 570 кг-ға жуық мөңке балығы тәркіленді. Күдіктілердің айтуынша, олар «Омбы-Майқапшағай» тас жолында белгісіз адамнан сатып алғандарын айтқан. Жалпы шығын шамамен 2 240 000 теңгеге бағаланады.   

Аталған факті бойынша ҚР –нің 335 - бабы 1-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі