
ШҚО-да бойжеткен 24 жыл жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген
Өскемен қаласының «Ана Үйі» қоғамдық қорының «Ана үйі» дағдарыс орталығында жеке басын куәландыратын құжатсыз 24 жастағы бойжеткен тұрады, оның тіпті туу туралы куәлігі де жоқ.
Азаматша ШҚО Шемонаиха ауданында дүниеге келген. Ата-анасы ажырасқаннан кейін ол анасымен бірге Өскеменге көшіп келген. Мектепті бітіргеннен кейін жұмыс істемеген, анасының асырауында болған. 18 жасында ол қызды болған, анасы қайтыс болғаннан кейін, ол баласымен бірге өмір сүруге қаражатсыз қиын өмірлік жағдайға тап болды. Қазір оның қызы 7 жаста және үш жылдан астам уақыт балалар үйінде тұрады.
Өскемен қаласы полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері дағдарыс орталығының қызметкерлерімен бірге Қазақстан Республикасы азаматтығының тиесілігін растау, туу туралы куәлікті қалпына келтіру және жеке куәлікті ресімдеу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесті. Енді әйел жұмысқа орналасып, қызымен бірге тұрады.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 30-дан астам адамға Қазақстан Республикасы азаматының құқықтық мәртебесін реттеуге және жеке куәлігін ресімдеуге көмек көрсетті. Осыған байланысты қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласуды ұсынамыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі