
Нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықтың ашылуы өтті
Ағымдағы жылдың 27-мамыры күні Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлықтың ашылуы өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Тұғжанов Ералы Лұқпанұлының және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Саденов Ержан Сапарбекұлының төрағалық етуімен өтті. Сонымен бірге шараға ШҚО ПД бастығының орынбасары Шаяхметов Талғат Абуғалиұлы, ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Буктугутов және ШҚО ПД ЕҚҚКБ бастығы Нариман Кульдиков қатысты, бейне байланыс режимінде ақпарат және қоғамдық даму, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт министрліктерінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің басқарма бастықтары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және ҮЕҰ өкілдері қосылды.
«Әрине, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес тек Үкіметтің ғана емес, азаматтық қоғамның барлық институттары мен әрбір қамқор азаматтың міндеті. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына әсер етіп, есірткіге қарсы күресте бұқаралық ақпарат құралдары және ҮЕҰ маңызды рөл атқарады»,- деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы.
Семинар барысында Қазақстандағы нашақорлық жағдайына қатысты мәселелер, есірткіге қарсы заңнаманың жаңалықтары, Қылмыстық кодекстің есірткіні жарнамалағаны және насихаттағаны үшін жауапкершілік туралы нормаларын түсіндіру мәселелері талқыланып, бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтып өтті. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласындағы психикалық денсаулық орталығының директоры О.Н. Комарова синтетикалық препараттарды қолдануға тәуелділіктің қалыптасу ерекшеліктерін түсіндірді.
Семинардың соңғы тақырыбы Қазақстанның бес аймағында жүзеге асырылған CADCA(АҚШ) әдістемесі бойынша жекелеген аймақтарда есірткіні тұтынудың алдын алу жобасы туралы сөз болды.
«Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында бір ай ішінде республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдарды тартумен республика бойынша ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізіледі», - деп толықтырды ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметжанов.
ШҚО ПД баспасөз қызметі