Үй кезегін 450 000 теңгеге сатқан

Үй кезегін 450 000 теңгеге сатқан

                                                     Үй кезегін 450 000 теңгеге сатқан

 

Шығыс Қазақстан облысының орталығында тұрғын үй алу кезегін «айналып өтуге» тырысқан бойжеткен, алаяққа алданды.

Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ «102» жедел арнасына 29 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол 2022 жылдың 23-25 сәуір аралығында танысы пәтер кезегін жылжытып беремін деген сылтауымен оның 450 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын алдап алғанын хабарлады. Ойындағысын іске асырғысы келген жәбірленуші тұрғын үйге кезегін алға жылжыту үшін банктің мобильді қосымшасы арқылы қаражатты аударған.

Арызды қабылдаған алған тәртіп сақшылары бірден қылмысты ашуға кірісті. Осылайша, қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстады, оған қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі –«Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі