
Автобуста телефон ұрлаған қалта ұрысының әрекеті әшкереленді
Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне 18 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп оның ұялы телефоныұрланғанын айтқан. Оқудан қайтып бара жатып, қалалық автобустардың біріне отырған қыз, белгісіз адам қалтасында жатқан құны 400 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап алғанын айтқан. Жоғалғанын байқаған қыз дереу полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өскемен қ.ПБ ППБ Бекет-4 инспекторлары қала көшелерін патрульдеу кезінде қаскөйді қолға түсірді. Ұрлық жасады деген күдікпен облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Жауап алу барысында ер адам кінәсін мойындап, айғақзат тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 188-бабы 1-бөлігі – «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерде ұрлық фактілері туралы ескертеді және азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
Маршруттық көлікте күртешелердің, сөмкелердің және мектеп рюкзактарының сыртқы қалталарына, сондай-ақ киімнің сыртқы қалталарына, шалбардың артқы қалталарына ақша, телефондар мен әмияндарды салмаңыз. Бұл ұрылар үшін ең оңай қол жетімді орындар.
Бағалы мүлікті киімнің ішкі қалтасында сақтау керек. Сөмкеңізді немесе рюкзактарыңызды мықтап ұстаңыз.
Егер сіздің мүлкіңіз ұрланған болса, бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз – өтініштің жеделдігі қаскөйлерді қысқа мерзімде ұстауға септігін тигізеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі