Ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп, аттарына несие рәсімдеген

Ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп, аттарына несие рәсімдеген

                                         Ипотека рәсімдеуге көмектесемін деп, аттарына несие рәсімдеген

 

Ертіс ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны арызбен жүгініп, танысы оған ипотекалық несие алуға көмектесемін деп, оның жеке деректерін алып банктің мобильді қосымшасы арқылы оның атына 3 млн теңге ақшалай несие ресімдегенін айтқан.

Келесі күні Ертіс ПБ кезекші бөліміне қаланың 51 жастағы тұрғынынан осыған ұқсас тағы бір арыз түсті. Ер адамның сөзінше, бейтаныс жігіт, жоғарыда аталғандағыдай, жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ипотекалық несие алуға көмек көрсету сылтауымен жәбірленушінің телефонына орнатылған мобильді қосымша арқылы оның атына жалған несие ресімдеген. Одан әрі 6 млн теңгені өзінің банк шотына аударған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ертіс ПБ ЖПБ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Жауап алу барысында қаскөй мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 3-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

                                     

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі