Қоңырау шаламын деп телефонмен қаша жөнелді

Қоңырау шаламын деп телефонмен қаша жөнелді

                                                   Қоңырау шаламын деп телефонмен қаша жөнелді

 

Ағымдағы жылдың сәуір айының соңында сағат 17:00 шамасында Семей қ.ПБ Орталық полиция бөліміне Семей қаласының 39 жастағы тұрғыны хабарласып, оның ұялы телефонын бейтаныс адам ұрланғанынайтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, оған белгісіз жас жігіт көшеде жақындап келіп, өзінің телефонының қуаты таусылып қалғандықтан, қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алған. Алайда бейтаныс жігіттің қолына телефон түсісімен, ол қаша жөнелген. Шығын сомасы 300 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 21 жастағы жігітті «ізін суытпай»ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Ұрланған зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі