
Студенттерге көмек!
20 мамыр күні Ішкі істер министрлігі өткізіп отырған « Полицияның 30 игі ісі» акциясы аясында ШҚО ПД әкімшілік полиция қызметкерлері ШҚО «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалының мамандарымен бірлесіп, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенттерімен практикалық сабақ өткізді.
- « Іс-шара студенттердің жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы білім деңгейін арттыру, автомобиль жолдарының жай - күйін бақылаудың заманауи әдістерін және оларда орнатылған реттеу құралдарын зерделеу және Полиция департаменті мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі жемісті болуы үшін ұйымдастырылды», - деді ӘПБ ЖТИБ ЕТ бойынша аға инспекторы Игорь Клишин.
Мамандандырылған кәсіпорынның қызметкерлері мен инженерлері сынақ аспаптарының, жылжымалы зертхананың жұмыс тәртібін көрсетіп, жол белгілерін орнатуға қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Кездесу соңында университет оқытушылары мен студенттері Полиция департаментінің жол қадағалау қызметкерлері мен Жол активтері сапасы орталығының инженерлеріне өткізілген практикалық сабақ үшін алғыс білдірді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі