Заңсыз сақталған қаруды сатып алу жалғасуда

Заңсыз сақталған қаруды сатып алу жалғасуда

                                               Заңсыз сақталған қаруды сатып алу жалғасуда

 

Шығыс Қазақстанда халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция жалғасуда.

- Акция ағымдағы жылдың 25 сәуірінде басталған және 23 күн ішінде ішкі істер органдарына азаматтардан 73 өтініш келіп түсті, өз еркімен 100 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 16 ойық және 84 тегіс ұңғылы қару қабылданды,- деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Осы акция шеңберінде заңсыз сақталған қару немесе оқ-дәрілері бар кез-келген азамат ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, қаруды өткізгені үшін ақшалай сыйақы алады. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай Республикалық бюджеттен төлем жасау көзделген, төлем 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал ақшалай баламада 30 630-дан 306 300 мың теңгеге дейін құрайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен де, қылмыстық жауапкершіліктен де босатылатынын ескертеміз.

 

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі