Шығыс Қазақстан облысында 11 жол қызметтерінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шығыс Қазақстан облысында 11 жол қызметтерінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

                                                   Шығыс Қазақстан облысында 11 жол қызметтерінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 

Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдың сапасын тексерді.

Тексеру қорытындысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін етер іс әсер ететін 150-ден астам ақаулар анықталды, мердігерлік жол ұйымдарының атына кемшіліктерді жою бойынша 200 ұйғарым жіберілді.

- «Жолдарды ұстау бойынша бұзушылықтарға жол берген жол қызметтерінің 11 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тізімде қала, ауылдық округ әкімдері, ТКШ бөлімдерінің басшылары мен мамандары, квазимемлекеттік сектор өкілдері, мердігерлік ұйымдардың заңды тұлғалары бар»,– деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Ағымдағы жылы полицияның ұсыныстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Өскемен, Семей қалаларында, Ақжар және Көкпекті кенттерінде 6 бағдаршам объектісін орнату және жаңғырту бойынша жұмыстар басталды. 500 шақырымнан астам көшелер мен жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, облыс орталығы мен Семей қаласының ең көп жүктелген 7 көшесі кеңейтілуге жатады.

Көше-жол желісінің қауіпсіз жағдайын бақылау бойынша жұмыс аймақ полицейлерінің тұрақты бақылауында.

 

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі