«Нерест» ЖПІШ: ШҚО полицейлері браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі

«Нерест» ЖПІШ: ШҚО полицейлері браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі

                                                   «Нерест» ЖПІШ: ШҚО полицейлері браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі

 

Шығыс Қазақстан облысында «Нерест- 2022» жедел-профилактикалық шарасы өтуде.

Аталған іс-шараның мақсаты балық және балық ресурстарын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау болып табылады.

- «Операция басталғаннан бері ШҚО-да балық ресурстарын заңсыз аулаудың 195 құқық бұзушылығы анықталды. 187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды», - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Жалпы, «Нерест» ЖПІШ кезінде полиция құқық бұзушылардан 2 тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы 10 млн.теңгеден асты.

Балық аулау нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 383-бабы) ғана емес, қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 335-бабы)  те қарастырылғанын.

ШҚО Полиция департаменті азаматтардан табиғи байлықты сақтау мақсатында тыйым салынған аралықта балық аулаудан бас тартуға шықарды.

Естеріңізге сала кетейік, «Нерест -2022» жедел алдын алу шарасы ШҚО-да 2022 жылдың 16 сәуірінен 30 мамырына дейін өтуде.

 

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі