Қаруды өткізіп ақшалай сыйақы алыңыз

Қаруды өткізіп ақшалай сыйақы  алыңыз

                                               Қаруды өткізіп ақшалай сыйақы  алыңыз

 

ШҚО-да тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жалғасуда. Акцияның мақсаты-қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қарулы қылмыс жасау қаупін азайту.

Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға қарудың техникалық жай-күйіне байланысты оның әрбір бірлігі үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (ақшалай баламада 31800-ден 318 000 теңгеге дейін) төлем көзделген.

Шығыс Қазақстан тұрғындары бұл іс-шараға белсенді қатысуда.

Бұған мысал ретінде ағымдағы жылдың 6 мамырында марқұм әкесінен қалған 16 калибрлі "ИЖ-К" бір ұңғылы аңшылық мылтығын аудандық полиция бөліміне өз еркімен тапсырған Үржар ауданының 56 жастағы тұрғыны болып табылады.

Акцияның 19 күні ішінде азаматтардан 65 өтініш келіп түсті, 92 бірлік атыс қаруы (15 ойық және 75 тегіс ұңғылы қару) және 7-62 калибрлі 370 патрон қабылданды. Бүгінгі таңда бөлінген 10 млн. теңгенің 6 млн. теңгесі игерілді.

Айта кетсек, ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік жауапкершіліктен де, қылмыстық жауапкершіліктен де босатылады.

Сондай-ақ шығысқазақстандықтардан жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар, оқ-дәрілермен ешқандай іс-қимыл жасамай, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспай, бұл туралы кез келген полиция бөлімшесіне "102" немесе "112"нөмірлеріне телефон арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

Полиция департаменті өткізілген акцияға белсенді қатысатынына сенеді.

 

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі