Алтай ауданының полицейлері із-түзсіз жоғалған ер адамды тапты

Алтай ауданының полицейлері із-түзсіз жоғалған ер адамды тапты

                                                         Алтай ауданының полицейлері із-түзсіз жоғалған ер адамды тапты

 

6 мамырда Алтай ауданы Серебрянск қаласының ПБ кезекші бөлімінің «102» жедел арнасына 66 жастағы ер адам хабарласып, ағымдағы жылдың 3 мамырында 41 жастағы ұлының үйінен шығып кетіп, сол сәттен бастап туыстарымен байланысқа шықпағаны туралы хабарламамен жүгінді.

Белгілі болғандай, бір күн бұрын жоғалған адам мен оның әйелінің арасында жанжал орын алғаннан кейін ол үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.

Ер адам түнде не үйге, не туыстары мен достарының үйіне бармағандықтанжақындары алаңдай бастаған. Жоғалған азамат ұялы телефонын үйінде тастап кеткендіктен, онымен хабарласа алмай отырған. Ата-анасы оның Серебрянск бойымен ағып жатқан Бұқтырма су қоймасына батып кетуі мүмкін деп қорқа бастаған.

Полицейлер ер адамның баруы мүмкін барлық жерлерді тексерген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2 сағат ішінде ол Серебрянск қаласындағы кафелердің бірінің ауласында мас күйінде табылды. Бұл оқиғаның себебін қала тұрғыны әйелімен болған жанжалдан кейін орын алғанын айтқан.

Жоғалған адам жақындарымен бірге, қазіргі уақытта оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.

Баласымен қауышқан ата-ана, ұлын қысқа уақытта тауып берген аға жедел уәкіл полиция майоры Шалқар Мұхамедиевке кәсіби үшін алғыс білдірді.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі