
Танысының атына 3 млн. теңгеге жуық несие рәсімдеген
Ағымдағы жылдың сәуір айының басында Риддер қ. ПБ кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, өткен жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейінгі уақыт кезеңінде бейтаныс жігіт алдау арқылы оның атына әртүрлі банктерден жалпы сомасы 2 900 000 теңгеге жуық ақшалай несие ресімдегенін айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, 22 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында күдікті жәбірленушіден ақшалай несие ресімдеп беруді өтініп, соңғысы оған келіскені анықтады. Бірнеше реет несие бойынша төлемді жасап,кейін байланысқа шығуды қойғаны анықталды.
Қаскөйге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі