ШҚО-да төрт шетелдік елден шығарылды

ШҚО-да төрт шетелдік елден шығарылды

                                                         ШҚО-да төрт шетелдік елден шығарылды

 

Қазақстанда болатын шетелдіктерге тиісті көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары тұрақты негізде уақытша және тұрақты тұратын шетелдік қонақтардың тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғаларда шетелдіктердің болуы туралы хабарламалардың болуын тексереді.

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде көші-қон қызметінің қызметкерлері Алтай қаласында жеке үй құрылысында заңсыз еңбек еткен Өзбекстан Республикасының 4 азаматын анықтады. Қазіргі уақытта сот шешімімен олар Қазақстан Республикасынан шығарылды, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан аумағына кіру олар үшін 5 жылға жабық.

- « Жұмыс берушінің өзі, өз кезегінде, әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, бұл - шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту және шетелдіктердің болуы туралы хабарламау, ер адам 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді» , - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсаты болмаған жағдайда Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.

 

                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі