Шығыс Қазақстан облысында халықтан қару сатып алудың кезекті науқаны басталды

Шығыс Қазақстан облысында халықтан қару сатып алудың кезекті науқаны басталды

                                             Шығыс Қазақстан облысында халықтан қару сатып алудың кезекті науқаны басталды

 

2014 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында Үкімет қаулысына сәйкес халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акциясы өткізіледі. Ағымдағы жылы аталған акция 25-ші сәуірден басталды.

Осы акция шеңберінде заңсыз сақталған қару немесе оқ-дәрілері бар кез-келген азамат ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, қаруды өткізгені үшін ақшалай сыйақы алады.

Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай Республикалық бюджеттен төлем жасау көзделген, төлем 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал ақшалай баламада 30 630-дан 306 300 мың теңгеге дейін құрайды.

ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов атап өткендей, акцияның екінші күні азаматтардан 14 өтініш келіп түсті, 19 бірлік атыс қаруы қабылданды, оның ішінде 4 ойық және 15 тегіс ұңғылы. Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен де, қылмыстық жауапкершіліктен де босатылатынын ескертіміз.

               

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі