Шемонаихада көлік айдап кеткен қаскөй ұсталды

Шемонаихада көлік айдап кеткен қаскөй ұсталды

                                                           Шемонаихада көлік айдап кеткен қаскөй ұсталды

 

Ағымдағы жылдың сәуір айының басында Шемонаиха ауданының ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері Шемонаиха қ. Болашақ-Герцен көшелерінің қиылысында ұрланған «Mercedes» автокөлігін тапқан, аталған көліктің жанында 27 жастағы қала тұрғыны тұрған. Тексеру барысында ер адам 51 жастағы үйдің ауласына қойылған көлікті ұрлап кеткені анықталды. Сондай-ақ, қаскөй осыған дейін дәл осындай қылмысы үшін сотталып, 2019 жылы 5 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Ұсталған азамат қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

                       

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі