Шығыста республикалық «Абайлаңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасы басталды

Шығыста республикалық «Абайлаңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасы басталды

                                                 Шығыста республикалық «Абайлаңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасы басталды

 

Ағымдағы жылғы 25 сәуірден 20 мамыр аралығында ШҚО аумағында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық акциясы өткізілуде.

Осы іс-шара балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сондай-ақ балаларда көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруға байланысты дағдыларды нығайту мақсатында жүргізілуде.

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен болатын ЖКО алдын алу, оқушылардың жол қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар жүргізішулердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын балалардың жарақаттану мәселелеріне аудару.

- 2022 жылдың басынан бері облыста кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен 35 жазатайым оқиға тіркелді, онда ересектердің кінәсінен бір бала қаза тауып, 43-і түрлі дәрежедегі жарақат алды, - деді ШҚО ДП бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Акцияның бірінші күнінде мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің іргелес аумақтарын зерттеу барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін 17 нұсқама берілді. Мектептерде 150 баламен және 55 ата-анамен 205 әңгімелесу мен лекция өткізілді.

Шара аясында жол қауіпсіздігі саласында 380 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 43-і жол қиылысынан өту, 122-сі жаяу жүргіншілер жолағынан өту, 25-і балаларды тасымалдау ережелерін бұзу, оның ішінде алдыңғы орындарда балаларды ұстап тұру құрылғысын қолданбағаны үшін 10 бұзушылық, маршруттық көліктерді тоқтату ережелері бойынша 3 бұзушылық анықталғанын полиция полковнигі Елдос Закимов атап өтті.

ШҚО Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолда қырағы және сақ болуға шақырады.

 

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі