ШҚО-да 30-дан астам оң жаққа түсу жолдары пайда болады

ШҚО-да 30-дан астам оң жаққа түсу жолдары пайда болады

                                                   ШҚО-да 30-дан астам оң жаққа түсу жолдары пайда болады

 

Полиция департаменті облыстың автожолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Әкімшілік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың және жол иелерінің өкілдерімен бірлесіп, өңірдің автожол саласын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына кешенді көктемгі тексеру жүргізуді ұйымдастырды.

Ағымдағы жылы жол қадағалау желісі бойынша көшелер мен автожолдарға 1 500-ден астам тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша иелеріне кемшіліктерді жоюға 1 400 ұйғарым берілді. Көшелерді, автожолдар мен жол құрылыстарын қанағаттанғысыз күтіп ұстағаны үшін жол-коммуналдық органдардың 118 лауазымды және заңды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тізімде жергілікті атқарушы органдардың жауапты лауазымды тұлғалары, бөлім басшылары мен мамандары, квазимемлекеттік сектор өкілдері, мердігерлік ұйымдардың заңды тұлғалары бар.

Ішкі істер органдарының басты міндеті жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендету, жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілердің назарын және шоғырлануын арттыру болып табылады.

Осы мақсатта, ағымдағы жылы Полиция департаментінің ұсыныстары бойынша Өскемен және Семей қалаларында 6 бағдаршам объектісін орнату және жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған, осы қалаларда елді мекендердің 51 қиылысындағы өткізу қабілетін арттыру және түсіру үшін 30-дан астам оң жаққа түсу жолдарының құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Жүру бөлігінің жабынын орташа жөндеуді республикалық және жергілікті маңызы бар 230 км-ден астам автомобиль жолдарына орындау қажет. Мемлекеттік бағдарлама аясында «Алматы – Өскемен» және «Омбы – Майқапшағай» республикалық маңызы бар 842 шақырым жолды реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Осыған ұқсас іс-шараларды облыс орталығы мен Семей қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жол қозғалысын ұйымдастырудың заманауи құралдарын қолдану, белгілерді ауыстыру, автожол жабынын жөндеу облыстың барлық қалалары мен аудандарында жоспарланған.

 

                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі