
Өскеменде полицияның сервистік моделін енгізу барысын талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті
22 сәуір күні Д.Серікбаева Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің мәжіліс залында полиция қызметіне сервистік модельді енгізу барысын талқылау бойынша дөңгелек үстел форматында кездесу өтті.
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында барлық прогрессивті әлемде полиция институты сервистік модель негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. Біздің мемлекетімізде бірнеше жылдан бері сервистік полицияның өзіндік қазақстандық моделін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сервистік полиция-қоғам қауіпсіздігі моделінің элементтерінің бірі. Оның негізі- құқықтық тәртіп саласындағы проблемаларды бірлесіп анықтау және шешу үшін мемлекеттік институттардың азаматтармен тұрақты әріптестік қатынастары.
Осы әріптестік қатынастарды орнатуға мемлекеттік органдар да (жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер, прокуратура, денсаулық сақтау, білім беру органдары), мемлекеттік емес құрылымдар да мүдделі және жұмылдырылуы тиіс.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының көбінесе жергілікті маңызы бар екенін ескере отырып, оларды халықпен тығыз әріптестікте және жергілікті қоғамдастықтың белсенді жәрдемдесуімен ортақ күш-жігермен тиімді шешуге болады.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Сматлаев Алмасхан Бауржанович, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Тлешев Азамат Негматоллаұлы, «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Рахимбердин Қуат Хажумуханович, ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы КМҚК инклюзивті білім беру бөлімінің меңгерушісі қатысты, жұмыс тобының жетекшісі Оразаева Гүлжан Дүйсембайқызы, «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығы» КММ басшысы Әубәкірова Сәния Мағауқызы, «Аманат» партиясының Шығыс Қазақстан филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрайымы Масалимова Анастасия Владимировна, сондай-ақ басқа да құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов өз сөзінде атап өткендей: «Азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру жұмыстары соңғы бірнеше жыл бойы жүргізіліп келеді. Бірінші қадам облыстың полиция департаменті мен аумақтық бөлімшелерінде «Фронт-офистер» деп аталатын «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмелерін» құру болды. Сонымен қатар, полицияның сервистік модельге көшуі Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің ерекше бақылауында, осыған байланысты тиісті жол картасы бекітілді».
Кездесу барысында проблемалық мәселелер талқыланды, оларды қарау нәтижелері бойынша тікелей біздің өңірде полицияның сервистік моделін табысты енгізуге бағытталған бірлескен іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін әзірлеу туралы шешім қабылданды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі