
ШҚО тұрғыны үш жыл бойы алимент төлемей, 300 мың теңгеге жуық қарызға батқан
2022 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстандық полицейлер өз балаларына алимент төлеуден жасырынып жүрген 80-нен астам азаматты анықтады.
Бір мысал Көкпекті ауданында болған, сәуір айының басында полиция бөліміне жеке сот орындаушысынан 3 жыл бойы балаларын асырау үшін алимент төлемеген 42 жастағы азаматты іздеуге беру туралы қаулы қабылданған. Жедел іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздестіру ісін бастамастан, алимент төлеуден өрескел жалтарып жүрген азаматты Жарма ауданынан анықтады.
Ер азаматтың айтуынша, ресми түрде жұмыс істемегендіктен 3 жылдан астам уақыт бойы алимент төлемеген, қарыз сомасы шамамен 300 000 теңгені құраған. Енді оның қарызын өндірумен сот орындаушылар айналысатын болады.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 669 бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК 139 бабы) жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі