Ұлан ауданының тұрғыны есірткімен ұсталды

Ұлан ауданының тұрғыны есірткімен ұсталды

                                                     Ұлан ауданының тұрғыны есірткімен ұсталды

 

Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ бөлімшесімен және Өскемен қаласындағы ПД кинологиялық орталығымен бірлесіп Логвин көшесінде «LADA» автокөлігін тізгіндеген 41 жастағы Ұлан ауданының тұрғынын ұстады.

Ұсталған адамды жеке тінту барысында оның күртешенің қалтасынан өсімдік тектес заты бар 2 түйіншектабылып тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 1,322 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады.

Сондай-ақ, ер адамның үйін тінту барысында оның қорасынанөсімдік тектес заты бар 5 полимерлі түйіншек табылды. Сараптама нәтижесі табылған заттың жалпы салмағы шамамен 500 граммды құрайтын кептірілген марихуана екендігін көрсетті.

Күдікті қамаудға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 297-бабы 3-бөлігі – Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі