Ауыл тұрғыны 60 келіден астам балықты заңсыз аулаған

Ауыл тұрғыны 60 келіден астам балықты заңсыз аулаған

                                               

Ауыл тұрғыны 60 келіден астам балықты заңсыз аулаған

 

Күршім аудандық ПБ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз балық аулау фактісін анықтады.

 

Бұқтырма су қоймасы учаскелерінің бірінде ауданның 54 жастағы тұрғыны қандай да бір тиісті құжаттарсыз ауды қолдана отырып балық аулаған.

Оқиға орнын тексеру барысында жалпы салмағы 63,4 кг балық, ұсталған адамға тиесілі тіркемесі бар«Урал» мотоциклі, 3 метр синтетикалық ау және темір лом тәркіленді.

Тәркіленген балықтар 6,8 кг көксерке, 39,6 кг шортан, 12,8 кг табан, 4,2 кг мөңке Күршім ауданындағы балық зауытына тапсырылды.

Келтірген жалпы залал шамамен 310 000 теңгені құрады.

Жауап алу барысында ер адам бір күн бұрын балық аулау мақсатында су қоймасына барап,4 тесік жасап, торларды қойып кеткен. Келесі күні торды тексеруге барғанда, полицейлердің қолына түскен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335 - бабы 1-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі