Полицияның сервистік моделі: ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары облыс орталығының тұрғындарымен кездесу өткізді

Полицияның сервистік моделі: ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары облыс орталығының тұрғындарымен кездесу өткізді

                                               Полицияның сервистік моделі: ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары облыс орталығының тұрғындарымен кездесу өткізді

 

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде полицияның сервистік моделі аясында ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов Өскемен қаласы, Геологическая көшесі, 8/1 мекен-жайында орналасқан үйдің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Тұрғындар кездесуге келіп, қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін талқылады, сондай-ақ өз проблемалары туралы айтып берді. Сонымен қатар, кездесуде олар құқықтық мәселелер бойынша кеңестер алды.

Азаматтардың барлық өтініштері бақылауға алынды.

«Сервистік полиция-сенімді қарым-қатынастың негізі. Оның қағидаттарының бірі құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралар арқасында қоғамдық орындарда, көшелерде, бұрын қылмыс жасаған адамдар, сондай-ақ отбасылық – тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың төмендеуіне қол жеткізілді», - деп атап өтті полиция подполковнигі Елдос Закимов.

Жалпы, халықпен осындай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Олардың басты мақсаты - кері байланысты нығайту және транспаренттілікті қамтамасыз ету.

 

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі