Өскемендік оқушылар полиция қызметімен танысты

Өскемендік оқушылар полиция қызметімен танысты

                                               Өскемендік оқушылар полиция қызметімен танысты

 

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ШҚО ПД ЖПҚБ ювеналды полициясы және , халық қауіпсіздігі жөніндегі ведомствоаралық мобильді топпен бірлесіп, Крупская атындағы  мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен «Есірткіге жол жоқ!»  және «Мен және менің полицейім», акциясы аясында таныстыру іс-шарасы өткізілді, негізгі мақсаты есірткі қылмыстарын анықтау, нашақорлықтың алдын алу бойынша полицияның жұмысымен танысу болды.

Іс-шараға келген балаларды ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Қанатұлы Унарбеков қарсы алды.

Одан әрі балаларды кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қарсы алды. Олар қызметтік иттерді тәрбиелеудің және олармен жұмыс істеудің ерекшеліктері, олардың әдеттері мен қызметтік міндеттерді шешу қабілеттерін пайдалану туралы айтып берді.

Балаларды иттердің қанша уақыт қызмет ететіні, немен қоректенетіні, және болашақта полиция кинологы болу үшін қандай дағдылармен қасиеттер болуы керек деген сұрақтар қызықтырды.

Оқушылар үшін экскурсияның ең қызықты кезеңдерінің бірі қызметтік иттермен өзінің кәсіби шеберлігін көрсету болды. Балалар кинология саласында қызмет атқарып жүрген иттердің «есірткі» тауып, қылмыскерлерді ұстаған әрекеттерін қызыға тамашалады. Инспектор-кинологтың командасы бойынша оның алдына қойған барлық талаптарын орындаған қызметтік иттердің жаттығуы мен дайындығы, сондай-ақ тең емес қарсыласпен шайқасқа түскен иттің батылдығы оқушыларды ерекше қуанышқа бөледі.

Сонымен қатар, балаларға ШҚО ПД арнайы техникасы, қару-жарағы мен киім-кешегі көрсетілді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы шара соңында жас қонақтарға тәтті сыйлықтар, «Есірткіге жол жоқ!» логотипі бар футболкалар, кепкалар, қаламдар табыстады.

 

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі