
Волейболдан ерлер командалары арасында өткен турнирде ШҚО тәртіп сақшылары жеңіске жетті
Алтай қаласында Кеңес Одағының Батыры Павел Тимофеевич Брилинді еске алуға арналған волейболдан ерлер командалары арасында үш күнге созылған облыстық турнир аяқталды.
Спорттық сайысқа 12 команда қатысты. Турнир итальяндық жүйе бойынша 5 ойыннан тұратын барлық халықаралық ережелер бойынша өтті.
Қиын, табанды және тартысты күресте барлық кездесулерде жеңіске жеткен ШҚО ПД командасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды Күршім ауданының құрамасы иеленсе, үшінші орынға Өскемен қаласының титан-магний комбинатының командасы табан тіреді.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Соныменқатар, «Үздік байланыстырушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша мадақтамалар табысталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі