
Есірткіге мас күйде көлік басқарған жүргізуші қамауға алынды
Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында Аягөз ауданы Ақтоғай станциясының бас көшелерін патрульдеу кезінде патрульдік полиция взводының қызметкерлері 51 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде ер адамның өзін ұстауыоның есірткі құралдарын қолдануына күдік тудырды, кейін ол медициналық куәландырудан өту үшін Ақтоғай ауруханасына жеткізілді. Медициналық қорытындыға сәйкес, 51 жастағы ер адамда «каннабиоидтарды қолданудан туындаған есірткіге мас болу» анықталды. Сонымен қатар, 2020 жылы Аягөз аудандық соты аталған жүргізушіні 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырған екен.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346 - бабы – «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы баптың санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі