Өскеменде оқушылар арасында спорттық эстафета өтті

Өскеменде оқушылар арасында спорттық эстафета өтті

                                           Өскеменде оқушылар арасында спорттық эстафета өтті

 

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық мобильді топпен бірлесіп, Өскемен қаласындағы М. Шаяхметов атындағы № 23 орта мектепте «Есірткіге жол жоқ!» және «Мен және менің полицейім» акциялары аясында 8-сынып оқушылары арасында спорттық эстафета өткізді, оған 8 оқушыдан тұратын 6 команда қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – нашақорлықтың алдын алу және балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы иммунитетті тәрбиелеу, бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және темекіден, алкогольден және психоактивті заттардан бас тарту.

Шара келесі кезеңдерден тұрды: «қапта секіру», «доптармен эстафета», «денемен аударыла секіру», «кедергілермен жарыс», «домалау», «теннис добы және хоккей таяқшасымен жүгіру», «шарларды жару», «секіру». Барлық балалар эстафетаның барлық кезеңдеріне белсене қатысты.

Іс-шараның жеңімпаз командалары Ескірті қылмысына қарсы күрес басқармасының дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды, осы іс-шараға белсенді қатысқан балалар да ынталандырылды, барлық қатысушыларға «Есірткіге жол жоқ!» логотипі бар футболкалар, кепкалар, қаламдар табысталды.

Балалар біздің болашағымыз!

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі