Полицейлерде қонақта

Полицейлерде қонақта

                                                   Полицейлерде қонақта

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осы кезеңде Қазақстанда өскелең ұрпақты дамытуға, түрлі салаларда жаңа білімдерді қалыптастыруға және олардың қауіпсіздігіне жағдай жасауға бағытталған көптеген іс-шаралар жоспарланған. Сондықтан 11 сәуірде «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы басталды. Тәртіп сақшыларына кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға атсалысу, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысының маңыздылығы мен жан-жақтылығын балаларға көрсету міндеті жүктелді.

14 сәуірде Жергілікті полиция қызметі басармасы, арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы, «Динамо» ДСҚ ҚБ ШҚОФ қолдауымен және қатысуымен «Крупский атындағы толық емес орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ оқушыларына арналған акцияның кезекті кезеңін ұйымдастырды. Шараны өткізіп алуға болмайды, себебі бұндай шара күнде бола бермейді. Өйткені  шара кезінде полиция көлігіне отырып, дабылды өзіңіз іске қосып, қолыңызға нағыз қаруды ұстап, жауынгерлік шлем киіп көруге болады. Бұл күні жақында ғана армандағанның барлығы орындалды.

Жиналған қонақтарды ЖПҚБ бастығының орынбасары Жандос Көшкінчинов құттықтап, барлығына дәл қазірден бастап болашақ мамандық туралы ойланып, осы шара барысында полицей мамандығымен жақынырақ танысуды тіледі.

Балалардың назарына полиция қарулары, арнайы қорғаныс құралдары көрсетіліп, мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Балалардың сұрақтары көп болды, оларға бәрі қызық, бірақ бәрінен де олардың барлығына қол тигізе аламын ба деп алаңдады. 

Атыс қаруы ересектерге қарағанда балалардың қолында әлдеқайда жақсы көрінеді және бұл таңқаларлық емес, өйткені тіпті бір мергендік мылтықтың өлшемін баланың бойымен салыстыруға болады. Бірақ, үлкендігіне қарамастан, балалар мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысып, полицейлер көрсеткеннің бәрін қолданып көрді.

Содан кейін қызметкерлердің жіті бақылауымен балалар полицияның жауынгерлік көліктерінің қалай орналастырылғанын, дабыл мен дауыс ұлғайтқышын қосқан жерін тамашалады. 

Іс-шараға жедел қимыл арнайы жасағының сарбаздары шақырылды, олар мектеп оқушыларына қылмыспен күресудегі рөлін және олар үшін әрқашан «формада» болу қаншалықты маңызды екенін айтып, өз ісінің нағыз шеберлері күнделікті кезекшілікте қолданатын дағдыларын көрсетті. Адамды атыс қаруымен және суық қарумен залалсыздандыру әдістері автоматизмге дейін жетілдірілді, өйткені кез келген қателік өлімге әкелуі мүмкін. Жас қонақтардың келбетіне қарағанда, жауінгерлердің өнерлері оларды тәнті етті.

Сапардың шарықтау шегі тәртіп сақшылары дайындаған «Көңілді старт» болды.

Жеңіске деген жігер, балалардың көзінен ұшқындаған шынайы құмарлық, жанкүйерлердің белсенді қолдауы нағыз мереке атмосферасын тудырды. Кішкентай қонақтар әр тапсырманы ынтамен орындағаны сонша, сайысқа бөлінген уақыт зымырап өте берді. Әрқайсысы өзінің ептілігін, күшін, жылдамдығын, ұшқыр ойы мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша көшбасшылар анықталды, жеңімпаз командалар барлығының жинаған жалпы ұпайы бойынша анықталды.

«Көңілді стартқа» қатысушыларды ШҚО ПД басшысының бірінші орынбасары Елдос Закимов құттықтады және марапаттады, барлық балаларға сәттілік пен зор денсаулық тіледі.

Балалардың барлығына бірдей көңіл бөлінді. Барлық балаларға тәтті сыйлықтар, қалпақ, футболкалар және спорттық құрал-жабдықтар берілді. Сонымен қатар, байқау аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар бірлескен естелік суретке түсті.

Көптеген эмоциялар мен жаңа әсерлер алған балалар ұзақ уақыт бойы кеткісі келмеді, өйткені бұл күні олар күндыз-түні біздің қауіпсіздігімізді күзететін полиция қызметкерлерінің кішкентай болса да, қиын қызметінің бір бөлігін көрді.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі