Глубокое ауданының тұрғыны полицейге қатысты зорлық қолданғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Глубокое ауданының тұрғыны полицейге қатысты зорлық қолданғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

                                           Глубокое ауданының тұрғыны полицейге қатысты зорлық қолданғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

 

Глубокое ауданының 34 жастағы тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды (билік өкiлiне қатысты күш қолдану).

Анықталғандай, 2021 жылғы 23 наурызда 30 жастағы полиция қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде ер адамды алкогольдік ішімдіктерді тұтыну тұрғысынан медициналық куәландыруға жеткізу үшін шақыртуға келген. Алайда, масайғанер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, металл сыммен әдейі едәуір күшпен полиция қызметкерініңішіне соққы беріп, осылайша оған дене жарақатын түсіріп, киім-кешегін зақымдаған.

Полицейдің кәсіби іс-әрекеті арқасында қаскүнем қарусыздандырылып, ұсталды. Сот үкімімен оған 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ағымдағы жылдың 3 айында ШҚО ПД тергеу бөлімшелерінің өндірісінде полицейлерге қарсылық көрсету фактісі бойынша қозғалған 9 қылмыстық іс болды (ҚР ҚК-нің  380, 380-1-баптары). 

Айта кетсек, ҚР ҚК-нің 380-бабының санкциясымен келтірілген зиянның ауырлығына байланысты айыппұлдан бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. Егер билік өкіліне қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық қолданылған жағдайда, кінәлі адам 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленген баптың 2-бөлігі бойынша жазаланады.

Бұдан басқа, ҚК-нің 380-1-бабында билік өкілдерінің өміріне қол сұғушылық үшін қылмыстық жауаптылық көзделген, ол мүлкі тәркіленіп немесе 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі