Шемонаиха ауданының полицейлері базардан жоғалған 5 жасар қызды тапты

Шемонаиха ауданының полицейлері базардан жоғалған 5 жасар қызды тапты

                                                       Шемонаиха ауданының полицейлері базардан жоғалған 5 жасар қызды тапты

 

30 минут ішінде тәртіп сақшылары қызды ата-анасына қайтарды.

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде «102» жедел арнасына Шемонаиха қаласының 41 жастағы тұрғыны жүгініп, полицейлерге оның қызы орталық базарда жоғалып кеткенін хабарлады. Шақыртуға дереу дең қойып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері келді.

Уақыт жоғалтпай Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің барлық қызметкерлері 5 жасар қызды іздестіруге бағытталды. Тәртіп сақшылары баланың барлық баратын жерлерін, көшелерді, үйлерді, аулаларды қарап шықты және «Уба» өзенінің жағасын аралап, тексерді.

30-минутта іздестіру іс-шаралары тоқтатылды, учаскелік инспектор Болат Мусин үйінің жанында тұрып жатқан көршілерінен қызды тапты. Сөйтсек, балапан, құрбысын кезіктіріп, оның үйіне анам келісімін берді деп бірге кетіп қалған.

Кәмелетке толмаған баланы ата-аналарына тапсырғаннан кейін учаскелік полиция инспекторлары олармен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Өз кезегінде қыздың ата-анасы Шемонаиха ауданының полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

 

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі