Шлемсіз трицикл басқарған мас жүргізуші ұсталды

Шлемсіз трицикл басқарған мас жүргізуші ұсталды

                                               Шлемсіз трицикл басқарған мас жүргізуші ұсталды

 

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде сағат 22.00 шамасында Өскемен-Алтай тас жолының 5 км патрульдеу кезінде ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажымен трициклдімотошлемсіз басқарған жүргізушіні тоқтатты.

Құжаттарды тексерукезінде 46 жастағы жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрғандықтан, ол медициналық куәландыруға жеткізілген, онда дәрігер жүргізушнің «орташа дәредегі» алколгольдік масаңдық деңгейін анықтаған.

Аталған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 608 - бабының 1-бөлігі «Жүргізушінің масаң күйдегі көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, бұл баппен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру, ал ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі «Қауіпсіздік белдіктерін немесе көлік құралын пайдалану қағидаларын сақтамау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, аталған баппен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Көлік құралы уақытша сақтау үшін арнайы тұраққа қойылды.

 

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі