«Есірткіге жол жоқ!» акциясы

«Есірткіге жол жоқ!» акциясы

                                                             «Есірткіге жол жоқ!» акциясы

 

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасымен Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының және ведомствоаралық мобильді тобының қызметкерлерімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы Ахмеров орта мектебінде «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында 5-6 сынып оқушылары арасында спорттық ойындар өткізілді, оған 7 оқушыдан тұратын 5 команда қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – нашақорлықтың алдын алу және балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы иммунитетті тәрбиелеу, бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және темекіден, алкогольден және психоактивті заттардан бас тарту.

Ұйымдастырылған ойындардың бірінші кезеңінде сурет сайысы өткізіліп, балалар есірткіге қарсы өз пікірлерін сурет арқылы білдірді және әділқазылар алқасы алдында белсенді түрде өз пікірлерін қорғады, содан кейін ережеге сәйкес эстафета және арқан тарту сайысы жүргізілді.

Жеңімпаз командалар Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының кубоктарымен, мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға «Есірткіге жол жоқ!» логотипі бар футболкалар, кепкалар, қаламдар табыс етілді.

Балалар біздің болашағымыз!

 

                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі