
Семейлік өзінің танысына жарты миллион теңге онлайн-несие ресімдеп берген
Ағымдағы жылдың наурыз айының ортасында Семей қ. Полиция басқармасы Әуезов ПБ «102» жедел арнасына 19 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол 20 жастағы танысына микрокредиттік ұйымнан 500 000 теңге несие алып бергенін айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, танысы несиені өзім жауып отырам деп уәде берген екен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірген, одан жауап алу барысында қаскөй кінәсін мойындаған.
Оған қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баптың санкциясы бойынша 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі