
«Борышкер» ЖПІШ алғашқы күнінде ШҚО-да мамандандырылған тұраққа 40-тан астам автокөлік қойылды
Шығыс Қазақстанда 6 сәуірде борышкерлер мен жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтауға бағытталған «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.
Жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні полиция қызметкерлері атқарушылық іс жүргізу қызметкерлерімен бірлесіп, мемлекет бюджетіне 6 млн.теңгеден астам қаражат өндіріп алынды, сондай-ақ төленбеген айыппұлдары бар 46 автокөлік иелері мамандандырылған автотұраққа қойылды.
-Ағымдағы жылдың 06 сәуірінде тәртіп сақшылары облыс орталығында Өскемен қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota» маркалы көлігін тоқтатты, оны тексеру кезінде 200 мың теңгеден астам сомаға 14 төленбеген нұсқама анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қамалды, - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Е. Д. Закимов.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды әкімшілік айыппұлдарды мерзімінде төлеуге шақырады. Жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% - ын төлеуге болады. Осы мерзім өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық сомаға салынады.
Айта кетейік, «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы облыс аумағында 8 сәуірге дейін жалғасады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі