"Қару" ЖПІШ

"Қару" ЖПІШ

                                                         «Қару» ЖПІШ

 

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Шара қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, атыс қаруын, травматикалық қаруды заңсыз айналымнан алу, ұрланған және жоғалған қаруды іздестіру, сондай-ақ қару иелерін олардың заңнама талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жүргізілген жедел-алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша барлығы 103 бірлік қару заңсыз айналымнан алынды.

Шығыс Қазақстан облысында 13676 азаматтық атыс қаруының иесі тіркелген, іс-шара аясында тәртіп сақшылары қару айналымы саласындағы 333 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде:

- қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін – 90;

- сақтау ережелерін бұзғаны үшін -160;

- тіркеу ережелерін бұзғаны үшін - 83.

Бұдан басқа, ҚР ҚК 287-бабы қару мен оқ-дәрілерді заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру фактісі бойынша 32 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі