
ШҚО полицейлері іздеу жарияланған зейнеткер мен 4-сынып оқушысын жақындарына тапсырды
Ағымдағы жылдың 16 наурызында Алтай ауданының ПБ кезекші бөліміне хабар-ошарсыз кеткен 63 жастағы аудан тұрғынының 61 жастағы туысы хабарласып, оның Халықаралық әйелдер күні кешкісін үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны жайлы хабар етті.
3 күн бойы тәртіп сақшылары әйелді іздеген. Полиция қызметкерлері жоғалған адамды іздеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 19 наурызда ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алтай ауданының ПБ қызметкерлерімен бірге оның орналасқан жерін анықтады.
Тергеу барысында әйел туыстарымен ұрысып, құрбысына тұруға кетіп қалғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ол үйіне қайтарылды.
2022 жылдың наурыз айының соңында Шығыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері тағы бір жоғалған адамды тапты. Бұл жолы туыстарын әуреге салғаноблыс орталығындағы орта мектептің 10 жасар 4-сынып оқушысы, ол 24 наурыздың түскі уақытында мектептен кетіп, үйіне келмеген.
Өскемен қ.ПБ ЖБО «102» жедел арнасына қызын іздеуге көмек көрсетуді өтінген мектеп оқушысының анасы жүгінді. Өтінішті қабылдай салысымен, ШҚО ПД жеке құрамы дереу жұмылдырылды.
Іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары жоғалған қызды сол күні тапқан.
Тексеру кезінде, кәмелетке толмаған адасып, басқа астобусқа отырып Өскемен қаласының Октябрьский кентіне кетіп қалғаны анықталды.
Қазіргі уақытта бала анасының қарамағында.
ШҚО ПД баспасөз қызметі