Ауыл тұрғыны жүргізуші куәлігін аламын деп, алаяққа алданды

Ауыл тұрғыны жүргізуші куәлігін аламын деп, алаяққа алданды

                                               Ауыл тұрғыны жүргізуші куәлігін аламын деп, алаяққа алданды

 

Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Семей қ.ПБ Әуезов ПБ кезекші бөліміне Бесқарағай ауданының 40 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол өткен жылдың қыркүйек айының ортасында бейтаныс жігіт Семей қаласының сол жақ жағалауында жүріп, жүргізуші куәлігіне «А, В» санатын дайындау сылтауымен 80 000 теңге сомасындағы ақшаны иемденгенін хабарлады.

Аталған қылмысты тергеу шеңберінде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, оның барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы жұмыссыз азаматты анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 3-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                               

                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі