ШҚО полицейлері ағылшынкурсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіледі

ШҚО полицейлері ағылшынкурсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіледі

                                                 ШҚО полицейлері ағылшынкурсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіледі

 

Ағымдағы жылдың наурыз айының басында Семей қ.ПБ Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының білім беру орталықтарының бірінің ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Оқу бөлмесін тінту жүргізу барысында үстел үстіндегі еденде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар полиэтиленді түйіншек орналасқан картон қорап табылды.

Сараптама қортындысы көрсеткендей, тәркіленген зат «кептірілген марихуана» есірткі заты екенін көрсетті. Жалпы салмағы 11 500,00 грамнан асады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 297-бабының 3-бөлігі – «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі