
Спорт-ел намысы
Спорт. Бір ғана сөз болғанымен, үлкен мағынаға ие! Кәсіби спорт-бұл адамның физикалық қызметінде, дамуында белгілі бір нәтиже мен жеңіске ие болуға және жаңа спорттық рекордтарға қол жеткізуге бағытталған спортшылар аламаны . Әрине, әр спортшының арманы бастауын сонау Грециядан алып, кейін бүкіл әлемге қанат жайған, төрткүл дүние төрінен мен деген спортшылар бақ сынайтын- Олимпиада ойындарында жеңіске жету. Нағыз ұлы чемпион болуды армандап, бірнеше жылдардың жүзі спортта керемет нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан жас жігіттеріміздің бірі Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция лейтенанты Трусбеков Саят Талғатұлы. Ағымдағы жылғы наурыз айының 14-і мен 18-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында кикбоксинтен ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында, көптеген қатысушылардың арасынан суырылып шығып, жүзден жүйрік атанып, фулл-контакт бөлімі бойынша 75 кг салмақ дәрежесінде 1 орынға ие болды.
Саят Талғатұлы Семей қаласының тумасы, спортпен 10 жасынан бастап айналысып келеді. қазіргі уақытта кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері мәртебесіне ие.
2015 жылы Азия чемпионы және 2014-2017 жылдары әлем чемпионы атағын иеленген.
Спорттағы лайықты нәтиже-тек бақытты сәт немесе жай ғана сәттілік емес. Бұл әрқашан үлкен жұмыстың нәтижесі, өз күшіңе сенім және жеңіске деген үлкен ықылас,ұмтылыс. Спортта ғана емес жұмыста да табанды нәтижелер мен біліктілік танытып жүрген Саятқа сәттілік тілейміз.
Семей қ.ПБ баспасөз қызметі