ШҚО-да банктің «жалған қызметкері» несиесін жауып беруге уәде берген

ШҚО-да банктің «жалған қызметкері» несиесін жауып беруге уәде берген

                                                   ШҚО-да банктің «жалған қызметкері» несиесін жауып беруге уәде берген

 

Аңғал қыз, алаяқтың арбауына түсті.

Өскемен қаласы полиция басқармасының Солжағалау ПБ кезекші бөліміне 20 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Жәбірленуші бейтаныс жігіт өзін банктің штаттан тыс қызметкері деп таныстырып, оның несиелерін өтеуге көмек көрсете аламын деген сылтаумен 80 000 теңге сомасында ақша қаражатын иемденгенін айтты. Алайда, уақыт өте келе несиесі жабылмаған қыз, өзінің алаяққа тап болғанын түсінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны болып шықты, ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 

                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі